№18 Қалалық емханасы

Қазақстан, Алматы, Таугүл-3 ы.а., Тоқтарок к-сі, 10
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың денсаулығы


Еліміз биыл  Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды Тәуелсіздік жаршысы деп атайды, өйткені Қазақстан егемендігін желтоқсаннан тура бес жыл өткен соң — 1991 жылғы 16 желтоқсанда жариялады.

1990 жылдан бастап қоғамның маңызды  басымдықтарының бірі "желтоқсаншылардың" саяси, әлеуметтік әл-ауқаты мен денсаулығы болып табылады.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету деңгейінде қатысушылардың денсаулығына динамикалық бақылау жүргізу көрсетіледі. Жалпы тәжірибе дәрігерінің учаскелік қызметі міндетті профилактикалық тексерулер жүргізеді, күндізгі стационар жағдайында жоспарлы емдеуді уақытылы алуды, стационарлық емдеуге жатқызуды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қымбат тексерулер (КТ,МРТ) жүргізілгеннен кейін оңалту іс-шараларын қамтамасыз етеді.

"Желтоқсаншылар" Қарабаев Шора мен Әбішева Алтын №18 қалалық емханасында жыл сайынғы тексеруден өтеді. Оның қорытындысы бойынша, учаскелік қызмет одан әрі сауықтыру мен динамикалық бақылау бойынша шаралар қабылдайды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу