№18 Қалалық емханасы

Қазақстан, Алматы, Таугүл-3 ы.а., Тоқтарок к-сі, 10
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№18 қалалық емханада "Авантрон"аппаратымен экстракорпоралды магниттік ширықтыру жүйесі іске асырылып жатыр.


Аппарат  әйелдер мен ерлердің жамбас мүшелерінің ауруларын инвазивті емес емдеуге арналған. Авантрон жамбас қуысының бұлшық еттерінің жиырылуы мен релаксациясын тудыратын магниттік импульстарды жасайды. Бұлшықет жаттығулары, микроциркуляцияны жақсарту және сфинктердің жұмысын қалпына келтіреді.

Медицинада қолданылуы:

* гинекологиялық аурулар

* әйелдердің жыныстық  дисфункциясы, аноргазмия

* созылмалы жамбас ауруы

* кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары

* жамбас қабатының жүйке-бұлшықет аппаратын ширықтыру (1, 2 дәрежелі пролапс жамбас қабатының бұлшық еттерінің жеткіліксіздігі)

* несеп ұстамау

* эректильді дисфункция, эякуляцияның бұзылуы

* іш қату

* радикалды простатэктомиядан кейінгі ұстамау

* созылмалы простатит

* операциядан кейінгі оңалту

Пайдаланудың артықшылығы мен тиімділігі:

* пациентті жарақаттайтын факторлардың болмауы (инвазивті емес әдістеме)

* ем-шара кезінде жағымсыз сезімнің, ауырсынудың болмауы

* басқа құрылғылармен салыстырғанда тиімділігі мен қауіпсіздігі

* минималды қарсы көрсеткіштер

* киімді шешудің қажеті жоқ

* жоғары өткізу қабілеті

Емдеу жүргізу  үшін акушер-гинеколог  дәрігерінің  немесе уролог дәрігерінің  консультациясын алу қажет.

Емдеу курсы 10-15 ем-шарадан тұрады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу