МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды. Заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғушылық […]

1 min read

2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесімен қамтылады

Алматы қаласында 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Мұхамеджан Ільяс осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Алматыда шамамен 2,3 млн адам тұрса, олардың 1,9 миллионы (82%) сақтандырылған мәртебеге ие екен. […]

1 min read

Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тегін медициналық көмек жағы кеңейтіледі

2026 жылдан бастап Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, бақылау мен емдеу жағы сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тұрғындардың барлығына қолжетімді болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Иманғалиева осылай деді. Спикердің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне туберкулез, АИТВ-инфекциясы, қатерлі ісіктер, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық […]

1 min read

2026 жылы МӘМС жүйесінде не өзгереді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде жарналар мен аударымдарды есептеу тәртібіне қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте жүйенің негізгі параметрлері – мөлшерлемелер мен ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – өзгеріссіз қалады. Соған қарамастан, кейбір азаматтар үшін төлемдер көлемі өседі. Осыған байланысты «ресми түрде төлемдер өспейді, бірақ іс жүзінде артады» деген […]

1 min read

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАҚСАРҒАНЫ АТАП ӨТІЛДІ

Қазақстанда жалпы және нәресте өлімінің төмендеуін, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді.Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көрсетеді.Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді. Дүниежүзілік Банктің деректері […]

1 min read

Алматы медицина қызметкерлерін МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша оқыту

Алматының медициналық ұйымдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі инновациялар туралы персоналды ақпараттандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Оқу іс — шаралары №18 қалалық емхананың үш филиалы-Таугүл, Дубок және Мамырда өтті. Кездесулер барысында МӘМС жүйесіндегі өзгерістердің практикалық аспектілеріне және медицина қызметкерлерінің пациенттермен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқыту медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа ережелерін және дәрігерлер […]

1 min read

Бала ауырып тұрған кезде дұрыс күтім

Бала ауырып тұрған кезде дұрыс күтім — оның тез сауығуының маңызды бөлігі. Әр ата-ана білуі тиіс негізгі талаптар бар. Ата-аналарға арналқан қысқа жадынаманы көру үшін карусельді жылжытыңыз ➡️Балаларыңыз аман болсын 🤗 атааналарғажадынама #баладенсаулығы #дұрыскүтім балакүтімі #18қе #денсаулық #профилактика

1 min read

Жүкті әйелдерге арналған ақпараттық кездесу: қауіпсіздік, құқықтар және қолдау

№18 қалалық емханада ең маңызды және сезімтал тақырыптардың бірі — гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жүкті пациенттермен ақпараттық кездесу өткізілді. Әңгіме барысында зорлық-зомбылық физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық, экономикалық, жыныстық және цифрлық тұрғыдан да көрінуі мүмкін және бұл мәселе кез келген жастағы, әлеуметтік мәртебедегі және отбасылық жағдайдағы әйелдерге әсер етуі мүмкін екендігі талқыланды. Кездесу өткізілді:Меңгерушісі. […]

1 min read

Профилактикалық скрининг

18-ші қалалық емхана мамандары мектеп жасындағы балаларға профилактикалық скринингтік тексеру жүргізді. Тексеру барысында балалардың көз көруі, есту қабілеті, бойы мен салмағы, жүрек-тамыр жүйесі және жалпы даму көрсеткіштері бағаланды. Мұндай скрининг балалардың денсаулығындағы өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға және қажетті алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. Іс-шара қауіпсіздік талаптарына сәйкес, ұйымдасқан түрде өтті..

1 min read

«IQ SABI» БАЛАБАҚШАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СКРИНИНГ ӨТТІ

Қалалық №18 емхананың мамандары IQ Sabi мектепке дейінгі ұйымына арнайы барып, балаларға жоспарлы медициналық тексеру жүргізді.Педиатр, офтальмолог, ЛОР, хирург, невропатолог секілді мамандар балалардың денсаулығын қарап, қажетті кеңестер берді. Мақсат — балалардың денсаулық жағдайын бақылау, өзгерістерді дер кезінде анықтап, алдын алу. Ұрпақ саулығы — ең басты құндылық!

1 min read

Зорлық-зомбылыққа қарсы бірге!

№18 қалалық емхананың психологы мен мейірбикелері «Гендерлік зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты челлендж ұйымдастырды.Акцияның мақсаты — қоғамды зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақыру және әр адамның құқығы мен қауіпсіздігіне назар аударту.

1 min read