Новости
Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды
Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді. Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі. Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін […]
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауғанстандағы соғыс ардагерлері үшін Ашық есік күнін өткізеді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы “№18 қалалық емхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауғанстандағы соғыс ардагерлері үшін Ашық есік күнін өткізеді. Күні: 25.01.2024 жыл Уақыты: 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Қосымша тамақтану жаттығулары
16.11.2023 күні Мамыр-1 филиалында 20 қараша Бүкіләлемдік балалар күніне орай қосымша тамақтандыруды үйрету сабағы өтті
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ!
Жыл сайын 29-қазанда барлық елдерде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы осы ауруға қарсы күрес бойынша жедел белсенді іс-қимылдарға шақыру мақсатында бекітті. Бас ми тамырларының аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі, оның себебі халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымындағы үлесінің жоғары болуы, алғашқы мүгедектік […]
АШЫК ECIK KYHI
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Сіздерді «Халықаралык шала туылған нарестелер күніне» орай өткізілетін АШЫҚ ЕСІК күніне шақырамыз.
Маскүнемдік
Маскүнемдік — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылып жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлел , маскүнемнің балалары да көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады. […]
Аза тұту күні
Алматы қаласындағы «№18 қалалық емхана» Костенко шахтасында болған жарылыстан қаза тапқан шахтершылардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Баршамыз үшін үлкен қасірет, марқұмның әрбір отбасында орны толмас қайғы болды. Отпен тым теңсіз күрестің құрбаны болғандардың есімдері біздің жүрегімізде мәңгілік қаһарман болып қала бермек
Құрметті әріптестер, біздің оқырмандар , алматылықтар және қала қонақтары!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалды. Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әр адамның өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің символына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан мықты мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – елімізде бейбітшілік пен келісімді, әр шаңырақта әл-ауқат пен […]
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі Қарттар күніне орай «№18 қалалық емхананың» қызметкерлері емхана тіркеуіндегі қарттарды құттықтап арнайы үйлеріне барып қайтты.
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі Қарттар күніне орай «№18 қалалық емхананың» қызметкерлері емхана тіркеуіндегі қарттарды құттықтап арнайы үйлеріне барып қайтты. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, […]
