Новости
Құрметті Алматы қаласының тұргындары!
Сіздерді 7 қазан куні 18 Қалалық емханасында өткізілетін “АШЫҚ ЕСІК” күніне шақырамыз! • 65 жастан асқан қарт адамдар ушін Профиликтикалык мақсатта ТЕГІН тексеруден өте аласыздар! Көрсетілетін қызметтер: •УЗИ •ЛОР •Эндокринолог •Хирург •Кардиолог •ЭКГ •Онко-Маммолог •Гинеколог •Невропатолог Уақыты: 9:00-ден 13:00 дейін МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: МАМЫР- 1,29Б
Аза тұту күні
Алматы қаласындағы «№18 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Семей орманы қорығында болған ірі өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Баршамыз үшін үлкен қасірет, марқұмның әрбір отбасында орны толмас қайғы болды. Отпен тым теңсіз күрестің құрбаны болғандардың есімдері біздің жүрегімізде мәңгілік қаһарман болып қала бермек.
Құрметті әріптестер, біздің жазылушылар, алматылықтар және қала қонақтары!
№18 Қалалық емхана ұжымы баршаңызды Конституция күнімен құттықтайды! Осыдан 27 жыл бұрын дәл осы күні халқымыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және унитарлы мемлекет деп жариялаған Ата Заңды қабылдаған. Биыл Ата Заңымыздың тарихында айтулы жыл болды – құжат жаңа редакциядан өтті. Халық бірлігі, қоғамдық-рухани келісім, саяси тұрақтылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде біздің қоғамымыздың ерекше құндылығы […]
Жаңа ковид штамының негізгі белгілері.
Ковид-19 індетімен бүкіл әлем үшінші жыл күресіп келеді. Естеріңізде болса, Альфа, Бета, Гамма штамдары 2020 жылы пайда болды. 2021 жылдың басында – Delta және Delta+ штамдары, ал жылдың соңында – Omicron шықты. Қазіргі кезде орын алатын штамм ресми түрде “Omicron-COVID-19 lineage B.1.1.529” деп аталады, анықталған жері бойынша – “Оңтүстік африкалық коронавирус мутациясы”. Бұл өте жұқпалы […]
Вакцинация туралы жалған ақпарат
Бірінші. Сіз вакцинация кезінде КВИ жұқтырасыз. Шын мәнінде, бұл мүмкін емес, өйткені коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында тірі вирус емес, тек адам ағзасында антидене түзетін оның фрагменттері ғана бар. Иммунитет қалыптасқанға дейін жұқтыру арқылы ғана ауырып қалуыңыз мүмкін. Екінші. Вакцина коронавирустың бір түрінен қорғайды, ал сіз басқа түрін жұқтыра аласыз. Вакцинаға коронавирустың барлық штамдарында болатын ортақ […]
Вакцинация науқаны қалай өтіп жатыр?
Естеріңізде болса, Қазақстанда егу науқаны 2021 жылы ақпанның 1-інде басталған, содан бастап біз вакцинацияны іс жүзінде тоқтатқан жоқпыз, өйткені кейін қайта вакцинация басталды. №25 Қаулыға сәйкес үстіміздегі жылдың мамыр айында КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын, сондай-ақ 6 айлық аралықпен бірінші ревакцинацияны алған тұлғаларды қайта егу басталды. Бірінші кезекте инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарды вакцинацияладық. Олар […]
Қалада коронавирустық инфекция таралуын болдырмау бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр?
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес біз коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін профилактикалық шараларды күшейттік. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы 6 ай сайын екпе және ревакцинациялау қажеттілігі туралы белсенді ақпарат және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жұмыс берушілерге вакцинацияға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру ұсынылады. Халық көп жиналатын жабық жерлерде: […]
Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Президент бұл туралы твиттер парақшасына жазды. «Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында […]
