1 min read
Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Президент бұл туралы твиттер парақшасына жазды.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады» делінген хабарламада.