1 min read
Вакцинация туралы жалған ақпарат
Бірінші. Сіз вакцинация кезінде КВИ жұқтырасыз. Шын мәнінде, бұл мүмкін емес, өйткені коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында тірі вирус емес, тек адам ағзасында антидене түзетін оның фрагменттері ғана бар. Иммунитет қалыптасқанға дейін жұқтыру арқылы ғана ауырып қалуыңыз мүмкін.
Екінші. Вакцина коронавирустың бір түрінен қорғайды, ал сіз басқа түрін жұқтыра аласыз. Вакцинаға коронавирустың барлық штамдарында болатын ортақ бөлшек алынады, содан кейін оған қарсы иммунитет қалыптасады.
Үшінші. Вакцинациядан кейін міндетті түрде қауіпті асқыну болады. Егер адам тексеріліп, дәрігер рұқсат бергеннен кейін ғана вакцинацияланса, мұндай жағдай орын алмайды. Дүниежүзілік статистика бойынша, вакцинациядан болатын асқынулар санының ресми көрсеткіші – 1 миллион вакцинаға 1-ақ асқыну. Қызба, әлсіздік, бұлшықеттің ауыруы – бұл тәулік ішінде кететін вакцинаға реакция ғана, оның ешқандай салдары болмайды.
Төртінші. Вакцина жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, егде жастағы адамдарға және т.б. қарсы көрсетілген. Іс жүзінде бәрі керісінше. Вакцина – антигеннің дозаланған есептелген мөлшері, ол организмге тірі Ковид-19 вирусы енген кезде оны қорғай алатын антиденелердің қажетті мөлшерін өндіреді. Сондықтан қауіпті топтағы азаматтар үшін вакцинация бірінші кезекте жүргізілуі керек. Ауыр соматикалық аурумен әлсіреген ағзаға тірі, жоғары патогенді тұмау вирусының көп мөлшері енгізілгенде, онымен күресу әлдеқайда қиын болады.
Бесінші. Ауру шыңына жеткенше алдын ала вакцинациялау керек, өйткені вакцинациядан кейін толыққанды иммунитеттің дамуы 3, ең көбі – 4 апта ішінде жүзеге асады. Осы кезеңде барлық профилактикалық шараларды барынша сақтау қажет – бетперде кию, адам көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б.
Егер сіз күмәндансаңыз немесе вакцинациядан қорықсаңыз, Тоқтаров к-сі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан №18-емханаға келіңіз. Біздің мамандар вакцинация бойынша барлық сқрақтарыңызға жауап береді.
Қазіргі уақытта қандай вакцина бар екенін: 221-18-18 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.