1 min read
Вакцинация науқаны қалай өтіп жатыр?
Естеріңізде болса, Қазақстанда егу науқаны 2021 жылы ақпанның 1-інде басталған, содан бастап біз вакцинацияны іс жүзінде тоқтатқан жоқпыз, өйткені кейін қайта вакцинация басталды. №25 Қаулыға сәйкес үстіміздегі жылдың мамыр айында КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын, сондай-ақ 6 айлық аралықпен бірінші ревакцинацияны алған тұлғаларды қайта егу басталды. Бірінші кезекте инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарды вакцинацияладық. Олар медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік құрылымдар контингенті мен жеке құрамы, 50 жастан асқан адамдар және т.б.
Бүкіл науқан барысында вакцина тапшылығы болған жоқ, яғни халықтың таңдау мүмкіндігі болды. Бүгінгі күні бізде тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен, ДДСҰ мақұлдаған вакциналар бар – бұл Pfizer және Vero Cell Sinopharm.
Қазір Қазақстан Республикасында 10,5 миллионға жуық адамға екпе егілді, оның 2,5 миллионнан астамы қайта егілді.
Бүгін коронавирус жұқтырғандардың 90%-ы екпе алмаған немесе екпеден кейін алты айдан астам уақыт өткен азаматтар.