1 min read
Қалада коронавирустық инфекция таралуын болдырмау бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр?
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес біз коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін профилактикалық шараларды күшейттік. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы 6 ай сайын екпе және ревакцинациялау қажеттілігі туралы белсенді ақпарат және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Жұмыс берушілерге вакцинацияға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру ұсынылады.
Халық көп жиналатын жабық жерлерде: сауда үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде, медициналық мекемелерде, қоғамдық көлікте және т.б. жүргенде бетперде кию керек.
Жабық кеңістікті, атап айтқанда бөлме, кабинетті және т.т. жиі желдету ұсынылады. Коронавирус инфекциясы бар науқастармен байланыста болған барлық адамдар қашықтан жұмысқа ауыстырылып, оларға медициналық бақылау жүргізіледі.