Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі Қарттар күніне орай «№18 қалалық емхананың» қызметкерлері емхана тіркеуіндегі қарттарды құттықтап арнайы үйлеріне барып қайтты.
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі Қарттар күніне орай «№18 қалалық емхананың» қызметкерлері емхана тіркеуіндегі қарттарды құттықтап арнайы үйлеріне барып қайтты.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Бұл күні біз барлық жүрегімізге қымбат адамдарды қарттар күнімен құттықтаймыз.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, жылулық, туыстарыңызбен жақындарыңыздың қамқорлығы мен назарын тілейміз. Балаларыңыздың махаббаты мен немерелеріңіздің күлкісі жанды қуанышқа толтырсын!
Мереке құтты болсын, қымбаттылар!