1 min read
Құрметті әріптестер, біздің оқырмандар , алматылықтар және қала қонақтары!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалды.
Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әр адамның өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің символына айналды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан мықты мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – елімізде бейбітшілік пен келісімді, әр шаңырақта әл-ауқат пен береке-бірлікті арттыру.
Әр үйге және әр отбасына мықты денсаулық, бақытты әрі жайлы өмір тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, гүлдене берсін!