Маскүнемдік
Маскүнемдік — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылып жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлел , маскүнемнің балалары да көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге әкеліп ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшырату, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созылады. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Емдеудің негізгі үш кезеңі бар олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру, ішімдікке әуестік әдетті жойылып, аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар.
Емі Маскүнемдік-денсаулыққа зиянын келтіретін,әлеуметтік-жағдай мен мінез құлықтың бұзылуына алып келетін өмір бойына болатын ауру.Егер алкогольге тәуелділікті дер кезінде емдемесе онда ішімдіктің психикаға,жүрекке,бауырға және басқада мүшелерге әсер етуінен науқас өлімге ұшырауы мүмкін.Маскүнемдіктен толық емделу мүмкін емес, бірақ онымен сәтті күресуге болады. Маскүнемдікті емдеу әдісіне байланысты әр түрлі үш сантақа бөлеміз: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік.Маскүнемдікті емдеудің бір тәсілі болып алкогольді өнімдерді қолданған кезінде ауыр жанама әсер көрсететін химиялық заттарды пайдалану болып табылады.Осындай заттарға дисульфирам,кальций цианамиді және т.б. Бұл заттар алкогольді қолданған кезде адамда қызба, жүректің айнуы, қан қысымының төмендеуі, жүрек қағу және қорқыныш сезімін тудырады.Міне,сондықтан науқас ішімдікті ішуден бас тартады.