ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ!
Жыл сайын 29-қазанда барлық елдерде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы осы ауруға қарсы күрес бойынша жедел белсенді іс-қимылдарға шақыру мақсатында бекітті. Бас ми тамырларының аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі, оның себебі халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымындағы үлесінің жоғары болуы, алғашқы мүгедектік себептеріне байланысты.
ДДҰ мәліметтері бойынша, инсульт нәтижесінде бүкіл әлемде жылына 7 миллион адам өледі. Өлімнің жартысынан астамы қантамыр ауруларына байланысты. Жақында ғана инсульт негізінен 55-60 жастан асқан пациенттерде кездесетін, ал қазіргі уақытта шамамен үштен бір бөлігін 30-40 жастағы адамдар құрайды.
ИНСУЛЬТ — бұл артерияның бітелуі немесе тамырдың жарылған қабырғасы арқылы қан құйылу салдарынан миға қанның түсуін тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай; бұл ми тінінің зақымдануы және оның функцияларының бұзылуымен қатар жүретін, ми қан айналымының тез дамитын бұзылыстары.
ИНСУЛЬТТІҢ СЕБЕПТЕРІ
Инсульттің басты себебі — мидың қанайналымының бұзылуы. Миға қанның келуі толық немесе жартылай бұғатталады.
Инсульттің белгілері өте қарқынды дамиды. Ми аймағына канның келуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
✔ тромб, ұйыған қан – миға бөлінетін артерияны бітейді;
✔ мидың ішінде қан құйылады;
✔ ми мен бас қаңқасының арасындағы кеңістікте қан құйылады. Егер аурудың себебі тром болса, онда ол ишемиялық инсульт, егер қан ұйылу болса, геморрагиялық инсульт болады.
ИНСУЛЬТТІҢ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ:
✔ артериялық қан қысымының жоғарылығы
✔ қант диабеті
✔ холестерин деңгейінің жоғарылығы
✔ артық салмақ және семіздік
✔ төмен физикалық белсенділік
✔ шылым шегу
✔ алкогольді шектен тыс қабылдау
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫН, оның ішінде ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА НЕ КӨМЕКТЕСЕДІ?
✔ дер кезінде профилактикалық медициналық тексерулерден өту және диспансеризациялау
✔ артериялық қысымды қадағалау
✔ қауіп факторларын түзету (шылым шегуден бас тарту, алкогольді мөлшермен тұтыну немесе мүлдем бас тарту, қалыпты дене массасын сақтау, үйлестірілген тағам, тұрақты физикалық жаттығулар)
✔ инсульт белгілерін және жеке әрекеттерді, маңында жақын адамдар болған жағдайда олардың әрекеттерінің тәртібін білу
✔ денсаулығы туралы өзбетінше қамқорлықты белсендіру
Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады:
- Науқастан күлуін өтініңіз (ол талпынуы мүмкін, бірақ, күле алмайды)
- Әңгімеге тартыңыз (мысалы, «бүгін ауа райы керемет, солай ма?» десеңіз, сөйлеуге қиналады немесе сөйлей алмайды)
- Екі қолын қатар көтеруін өтініңіз (ол бұны істей алмайды не ақырын ғана көтере салады)
- Тілін шығаруын өтініңіз (тілі жыбырлап не қайырылып тұрады)