
№18 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА
14 мамыр күні №18 қалалық емханада Репродуктивті денсаулық апталығы аясында үшінші күн – ерлер денсаулығына арналды.
Іс-шараның мақсаты – ер азаматтардың репродуктивті және жалпы денсаулығы туралы хабардарлығын арттыру, медициналық көмекке жүгінуге қатысты стигма мен стереотиптерді жою, сондай-ақ отбасылық және репродуктивті өмірдегі ерлердің жауапкершілігінің маңыздылығын атап өту.