Ашық есік күні «Жатыр мойны ауруларының алдын алу және ерте анықтау»
«№18 қалалық емханада» 2025 жылдың 24 қазаны күні Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында барлық ниет білдірген әйелдер тегін маман дәрігерлерден кеңес алып, жатыр мойны ауруларының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша ұсыныстар алды.
Келушілер үшін уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы туралы түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылып, сондай-ақ жатыр мойны ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық жаттамалар таратылды.
Гинекологтар мен психологтар қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, әйелдер денсаулығын сақтау бойынша жеке ұсыныстар берді.





















