Азаматтарды емханаға тегін тіркеу
Азаматтарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға *тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды *еркін таңдау құқығын ескере отырып тіркеу жүзеге асырылады. Азамат тек бір ғана АМСК ұйымына тіркеле алады.
Емханаға тіркелу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы және тіркелген жерді өзгерту жағдайында еркін нысанда өтініш жазу қажет.
Емханаға www.egov.kz сайтындағы «Электрондық үкімет» порталы арқылы да тіркелуге болады. Егер бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз, одан шығару (бекітуден алу) электрондық форматта автоматты түрде жүргізіледі.
Егер сіз қазіргі тіркелген емхана немесе дәрігерлік амбулатория көрсететін қызметке қанағаттансаңыз және ағымдағы жылы тіркеу науқанына қатыспаған болсаңыз, медициналық ұйым сізді келесі жылға «әдепкі» (автоматты) тәртіппен өз қызметіне тіркеуге құқылы.
