Науқасқа арналған ақпарат
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ ПАКЕТІ
Қызылша
Қызылша — вирус қоздыратын жұқпалы ауру. Қызылшаның белгілері — бөртпе, жөтел, тұмау, көздің шырышты қабығының тітіркенуі және дене қызуының көтерілуі. Ауру қауіпті асқынулармен: пневмония, отит, құрысу, орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар. Өлімге әкелуі мүмкін. Қызылша вирусы ауалы-тамшылы жолмен науқаспен байланыстан кейін оңай жұғады.
ВАКЦИНАЦИЯ — қызылшаға қарсы қорғанудың жалғыз жолы:
КІМ?
Қызылшаға қарсы бұрын алған екпелеріне қарамастан және қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда 15–19 жас аралығындағы барлық адамдар
ҚАШАН?
2015 жылғы 1 қазаннан бастап
ҚАЛАЙ?
Иыққа қызылша вакцинасын тері астына бір рет егу
Вакцина қауіпсіз және тиімді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған
ҚАЙДА?
Ауылдық, аудандық, қалалық амбулаториялардың, емханалардың және мектептер, колледждер, лицейлер, жоғары оқу орындарының егу пункттерінде.
Қосымша ақпаратты өз емханаңыздан немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен ала аласыз.
«Сенім телефондары»: +7 (727) 256-39-67, +7 (727) 256-23-67, +7 (727) 256-33-23.
Вакцинация тегін жүргізіледі! Қызылшаға қарсы екпе алыңыз, бұл — денсаулықты қорғау құқығыңыз!
2015 жылғы 1 қазаннан бастап 15–19 жас аралығындағы халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Қосымша иммундау қашан өтеді?
15–19 жас аралығындағы адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау Қазақстан аумағында 2015 жылғы 1 қазаннан бастап жүргізіледі.
2. Неліктен қосымша иммундау жүргізіледі?
Республикада қызылша өршуі жалғасуда. Вакцина алмаған немесе толық вакцина алмаған адамдар топтары бар. Бұл бірінші кезекте балаларын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналар санының артуымен байланысты. Қызылшадан қорғанудың жалғыз жолы — вакцинация.
Қызылшаға қарсы қосымша вакцинация аурудан және төмендегідей асқынулардан қорғайды:
- Соқырлық;
- Энцефалит;
- Қатты сусызданумен жүретін ауыр диарея;
- Құлақ инфекциялары;
- Пневмония сияқты ауыр тыныс жолы инфекциялары.
3. Қосымша иммундау жүргізілуі жоспарлы қызылшаға қарсы вакцинацияның Қазақстанда тиімсіз екенін білдіре ме?
4. Неліктен 15–19 жас аралығындағы адамдарды вакцинациялаймыз?
Қызылшамен сырқаттанушылықтың жоғары өсуі 15 жастан асқан адамдар арасында байқалады. Ең осал топ — 15–19 жас: мектеп оқушылары, ЖОО / ТжКБ студенттері, әскерге шақырылушылар және ұйымдасқан ұжымдарда үнемі болатын басқа адамдар, мұнда қызылшаның таралу қаупі өте жоғары.
5. Жасөспірімдер қызылшаға қарсы қайда вакцинацияланады?
Қосымша иммундау денсаулық сақтау ұйымдары мен білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі.
6. Екпелер үшін ақы төлеу керек пе?
Жоқ, қызылшаға қарсы вакцинация тегін.
7. Қызылшаға қарсы иммундау туралы қосымша ақпаратты қайдан аламын?
Қосымша ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, аумақтық басқарманың және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің сайттарынан, сондай-ақ өз емханаңыздан (амбулатория) және сенім телефондары арқылы ала аласыз: +7 (727) 256-39-67, +7 (727) 256-23-67, +7 (727) 256-33-23.
8. Қызылша деген не?
Қызылша — вирустың әсерінен пайда болатын жедел жұқпалы ауру. Белгілері — жоғары температура, денеде бөртпе, жөтел, бас ауруы болуы мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцина алмаған адамдардың барлығы дерлік науқаспен байланыста жұқтырады. Ауыр өткен жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
9. Қызылша қалай таралады?
Қызылша вирусы науқастан сау адамға сөйлесу, жөтелу, түшкіру кезінде, мұрын немесе жұтқыншақ бөлінділері арқылы тікелей және жанама байланыс арқылы беріледі, сондай-ақ науқас бөлмеден шыққаннан кейін де жұғуы мүмкін.
10. Қызылшаның алдын қалай алуға болады?
Қызылшаның алдын алу тек қызылшаға қарсы вакцина арқылы мүмкін.
11. Қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз бе?
Иә — қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз және тиімді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған. Оның өндірісі ДДҰ тарапынан сертификатталған. Вакцина әлемнің 45 елінде, соның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Швейцария, Нидерланды, Франция, Германия және басқа да Еуропа елдерінде қолданылған.
