Жаңа туған нәрестені тіркеу туралы ақпарат
1 min read
Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты баланың тууын тіркеу туралы өтініш тіркеуші органдарға оның туған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей берілуі тиіс.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар мынадай жолдармен қабылданады:
- тіркеуші органда (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері — АХАТ бөлімі);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (ХҚКО);
- «электрондық үкімет» веб-порталы (e.gov) арқылы.
АХАТ бөліміне немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде келесі құжаттар қажет:
- баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- ата-аналардың немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- ата-аналардың неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
- туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
- қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда
