Алматы қаласының №18 Қалалық емханасының ұжымында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
1 минута чтение

Алматы қаласының №18 Қалалық емханасының ұжымында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

«Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму» бөлімінде Президент Қазақстан экономикасы қазір пандемия зардаптарын бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, біз өз бағытымызды дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз.
«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары 2022 жылы ұзартылатын болады.
Құжаттың екінші бөлімі Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған. Коронавирус Денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Әлемді дүр сілкіндірген індет шегінбейді. Күн сайын мыңдаған отандастарымыз ауырып, көбісі өмірден кетіп жатыр. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап біз инфекцияның таралуына қарсы шұғыл шаралар қабылдадық. Қазақстан-коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған санаулы мемлекеттердің бірі. Біз басқа елдер қызығушылық танытып отырған QazVac препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігіне күмәніміз жоқ. Бізде вакциналардың жеткілікті қоры бар, қазақстандықтардың таңдау мүмкіндігі бар – көптеген мемлекеттер бұған қол жеткізе алмайды. Елімізде жаппай вакцинация жалғасуда.
«Жақын арада әлемде коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы мүмкін, сарапшылар басқа пандемияларды болжап отыр. Біз бұл процестерді күте алмаймыз. Біз осындай жағдайда өмір сүруге және дамуға үйренуіміз керек. Сондықтан қазір бустерлік вакциналарды сатып алу, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдету маңызды. Сондай-ақ, тұрақты вакцинацияға көшуге бүкіл денсаулық сақтау жүйесін дайындау қажет. Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың Ұлттық жүйесі құрылуы тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен сессияның соңына дейін оның қабылдануын қамтамасыз етуді сұраймын», — деп атап өтті ҚР Президенті.
Жолдаудың келесі бөлімдері білім беру сапасына, аймақтық саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді жүйені қалыптастыруға, саяси жаңару мен адам құқығын қорғауға, қоғамды біріктіруге арналған.