1 минута чтение
13 сәуірде ревматоидты АРТРИТ диагнозы қойылған науқастарға арналған Ашық есіктер күні өтті
Ревматолог дәрігері Надырова Арзыгуль Абдумаликовна консультация жүргізді.
Гормондық терапияны ұзақ уақыт қабылдаған пациенттер, базалық терапия алмаған пациенттер, Метожекта препаратының дозасын түзетуді қажет ететін науқастар, ревматоидты артрит диагнозы қойылған, бірақ ревматолог дәрігеріне ұзақ уақыт қаралмаған адамдар шақырылады.
Бекітілген тұрғындар санынан 30 адам маманнан кеңес алды.
Қабылдау аяқталғаннан кейін терапевт дәрігерлеріне арналған «Ревматоидты артритті емдеудегі жалпы практика дәрігерінің рөлі» тақырыбында конференция өтті.