1 минута чтение
Осы 44 жылдық қажырлы еңбегімнің бағасы деп білемін, бірнеше мақтау қағаздарымен, «Мейірім» атты төс белгісінің иесі болуым деп білемін. Халқыма әліде қалтықсыз адал қызмет етемін деп уәде беремін.
Мен, Искакова Гүлжанар Нұрсыдықовна Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келдім.
1966 жылы осы ауылдағы онжылдық орта мектеп табалдырығын аттап, 1976 жылы осы орта мектепті бітіріп шықтым.
1976 жылы Алматы қаласындағы облыстық ауруханасы жанындағы бір жылдық мейірбикелер даярлайтын оқу бөліміне түсіп, 1977 жылы бітіріп шықтым.
1978 жылдың мамыр айында өз туған ауылымда Нарынқол аудандық орталық емханасының перзентханасынан еңбек жолымды бастадым. Қазіргі таңда 2008 жылдың мамыр айынан бастап қалалық №18 емханасында еңбек жолымды жалғастырып қажырлы еңбек етіп келемін.